29-шы Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

«Бірінші мультимодальды компания» TransLogistica Kazakhstan көрмесінде мультимодальды логистика және теміржол сервистері саласындағы мүмкіндіктерін таныстырады

FMC 2026

«Бірінші мультимодальды компания» ЖШС (ПМК) TransLogistica Kazakhstan көрмесіне қатысып, көлік логистикасы, теміржол сервистері және өндіріс салаларындағы кешенді қызметтерін ұсынады. Компания логистикалық тізбектің түрлі кезеңдерін қамтитын жобаларды жүзеге асырып, өзінің жылжымалы құрамының, автомобиль көлігінің және серіктестік желісінің мүмкіндіктерін тиімді үйлестіреді.

ПМК қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қазақстан Республикасы аумағында және халықаралық бағыттар бойынша теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру. Сонымен қатар компания ішкі және халықаралық бағыттарда контейнерлік тасымалдауды жүзеге асырып, жүктерді «есіктен есікке дейін» қағидаты бойынша автомобиль көлігімен жеткізу қызметтерін ұсынады.

Өндірістік бағыт аясында ПМК жүк вагондарының барлық түрлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ағымдағы ағытып жөндеу (ТОР) алаңдарының операторы ретінде қызмет атқарады және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ вагондарына техникалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ компания жүк вагондарын құрастыру және жылжымалы құрамды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді өндіру бағытын дамытып келеді.

Компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі – теміржол саласына арналған қосалқы бөлшектерді жеткізу. Бүгінде ПМК Қазақстандағы жүк вагондарына арналған қосалқы бөлшектердің ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады және теміржол көлігін күтіп ұстау мен тиімді пайдалануға қажетті өнімдермен саланы қамтамасыз етеді.