ATI.SU: TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінде логистика әлеміндегі жаңа трендтер мен құралдар
ATI.SU компаниясы – халықаралық деңгейдегі ең ірі жүк тасымалдау биржасы. Ол Қазақстан, Ресей және тағы 60 елдің жүк тасымалдаушылары мен жүк жөнелтушілеріне бір-бірін табуға және тасымалдауды ұйымдастыруға көмектеседі.
ATI.SU платформасында қатысушылар жүк тасымалдау процесін толық басқара алады: тапсырыстарды орналастыру және іздеу, серіктестерді тексеру, сақтандыру рәсімдеу, тасымалды бақылау, құжаттармен алмасу және жасалған жұмысты талдау. Компанияның экожүйесі нарықтың барлық қатысушыларын біріктіреді – жүк иелерін, экспедиторларды, жүргізушілерді және тасымалдаушыларды.
ATI.SU Қазақстандағы көрмелерге алты жыл қатарынан қатысып келеді және логистика саласындағы автоматтандыру мен қауіпсіз жұмысқа арналған жаңа құралдарымен бөлісіп жүр.
Алдағы TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінде сіз ATI.SU өкілдерімен жеке сөйлесіп, компания мамандарынан жаңа мүмкіндіктер туралы біле аласыз. Сарапшылар инновацияларды таныстырып, сұрақтарыңызға жауап береді және тиімді жұмысқа арналған пайдалы кеңестер ұсынады.