27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАРЫ 2024

Ержан Жакишев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының және Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон (контейнер) операторлары Ассоциациясының Бақылау кеңесінің төрағасы

Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар!

TransLogistica Kazakhstan 27-Халықаралық көрмесіне Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы (ҚРҰЭҚ) мен Қазақстан тасымалдаушылары және вагон (контейнер) операторларының Ассоциациясы қауымдастығы (ҚазТОА) атынан қош келдіңіздер!

Екі қауымдастықтың компаниялары Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ, «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Қ. Тоқаев қойған елдің көлік кешенінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасау міндеттерін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға белсенді қатысады.

ҚРҰЭҚ пен ҚазТОА ҚР мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарда экспедиторлардың, вагон иелері мен тасымалдаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды. Бұл ретте, бизнестің елдің көлік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсынатын іс-шаралары мемлекеттік техникалық саясатты іске асыру жоспарларына енгізіледі, Тасымалдау процесі мен көлік қызметтері нарығына қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құжаттар жетілдіріледі.

TransLogistica Kazakhstan көрмесі сияқты халықаралық ауқымдағы іс-шара бизнес пен биліктің, іскер серіктестердің диалогы мен өзара іс-қимылы үшін тиімді алаң болып табылатынына сенімдімін. Көрме көлік саласының өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар шеңберін кеңейтуге және нығайтуға, жаңа серіктестермен сындарлы ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Көрме қатысушыларына нәтижелі жұмыс, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу, табыс пен өркендеу тілеймін!