CBM CARGO KZ TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінде халықаралық тасымалдарға арналған кешенді шешімдерін ұсынады

CBM CARGO 1

CBM CARGO KZ TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесіне қатысып, ТМД бойынша халықаралық теміржол, мультимодальды, автокөлік, әуе және теңіз тасымалдары саласындағы қызметтерін таныстырады.

Компания командасы — Қытай–ТМД бағыты бойынша 5 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар, бұл жүк жеткізуді барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

CBM CARGO KZ толық (FTL) және жинақталған (LTL) жүкпен, сондай-ақ контейнерлермен жұмыс істейді. Қызмет толық циклді қамтиды: Қытайдың кез келген нүктесінен жүктi алудан бастап кедендік рәсімдеуге дайындауға дейін. Клиенттерге консолидация, қоймалық өңдеу, тауарды нарықтан қабылдау, қайта қаптау және таңбалау қызметтері қолжетімді.

Компания жүктi 1 текше метрден қабылдайды және көлік қызметтерінен бөлек Қытайдан жеткізушілер мен өндірушілерді табуға тегін көмек көрсетеді. Біріктірілген қоймалар Шэньчжэнь, Гуанчжоу, Хэфэй, Ляньюньган, Циндао және Сиань қалаларында орналасқан.

Клиенттердің ыңғайлылығы үшін CBM CARGO KZ Алматы, Ташкент, Бішкек және Омбыдағы брокер-серіктестермен бірлесіп, жедел кедендік рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

Компания стендінде көрме қонақтары икемді логистикалық шешімдермен танысып, өз бизнесіне арналған оңтайлы бағытты таңдай алады.